Шығыс Қазақстан Облысы Білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Болашақ» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
0
Біз туралы

ШҚО білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің "Болашақ " бөбекжайы" КМҚК 1-6 жастағы балаларды шақырады.

Біздің балабақшада балалар үшін жайлылықтың мейірімді және жылы, қуаныш атмосферасы қалыптасқан. Әр балаға жеке қабілеттерін дамытуға, қоршаған әлемді зерттеуге және білуге, қоғамдағы дұрыс мінез-құлық мәдениетін игеруге, табиғи қызығушылығын оятуға көмектесетін санаттары бар тәжірибелі білікті педагогтар қызмет атқарады.

Балабақша меңгерушісі Таукенова Айтолқын Секенқызы жоғары білімді маман және магистр. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грамоталарымен, сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған.

Тиісінше, балабақша меңгерушісі балабақша ғимаратының мектепке дейінгі білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық нормативтік актілеріне сәйкес болуын және оқытушылар құрамының жоғары кәсіби деңгейіне қол жеткізу үшін өзінің бар білімі мен күшін салады.

Балабақша әртүрлі  жас топтарына арналған:

1 жастан 2 жасқа дейін ерте жастағы топ.

2 жастан 3 жасқа дейін кіші топ.

3 жастан 4 жасқа дейін орта топ.

4 жастан 5 жасқа дейін ересек топ.

5 жастан 6 жасқа дейін мектепалды даярлық тобы.

Жұмыс тәртібі:

Бес күндік жұмыс аптасы.

Жұмыс уақыты: сағат 7-00-ден 18.00-ге дейін.

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.

Балабақша Жарғысы мен дамыту бағдарламасына сәйкес біздің балабақшамыздың қызметі балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға; зияткерлік және жеке дамуға; балаларды мектепке сапалы дайындауға; халықтық фольклор бастамасы арқылы патриоттық тәрбиеге бағытталған.

Білім беру қызметі "Алғашқы қадам", "Зерек бала", "Біз мектепке барамыз" отандық оқу жалпы білім беру бағдарламаларымен жүзеге асырылады. Шығармашылық қабілеттерін дамыту ТРИЗ-РТВ технологиясын қолдана отырып, музыка-ритмика және бейнелеу іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Ойындар арқылы балаларды оқуға, жазуға және санауға үйрететін Н.А.Зайцев әдісі қолданылады. Білім беру процесін жоғары білікті педагогтар әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып ойын түрінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырады. Хореография, вокал және каратэ үйірмелері жүргізіледі. Денсаулықты нығайту дене шынықтыру сабақтары, спорттық ойындар мен ойын-сауық арқылы жүзеге асырылады.

Материалдық-техникалық база мектепке дейінгі білім беру талаптарына сәйкес келеді; топтар дамытушы дидактикалық және үлестірме материалдармен, ойыншықтармен, сюжеттік-рөлдік ойындармен жабдықталған; дене шынықтыру және музыка залдары тиісті жабдықтармен және аспаптармен жабдықталған. Балабақшада медициналық және логопед кабинеті бар, онда медицина қызметкерінің жұмысы үшін және жалпы сөйлеу тілінің дамымаған балаларымен логопедтің жеке түзету жұмыстары үшін жағдайлар жасалған. Ойын алаңдары ойын және спорттық шағын формалармен жабдықталған. Ғимарат бейнебақылау жүйесімен камтылған.

Салынған жылы: 2017 ж.;

Жалпы ауданы: 2614 м2.

Ғимарат 2 қабаттан, әр қабат жеке ойын, жатын және дәретхана бөлмелері бар алты топтан тұрады;

Қауіпсіздік: бейнебақылау, өртке қарсы, күзет дабылы және жабдық; объектінің физикалық күзеті, ЖК Ахметжанов Айанбек Асылбекович келісімшарт жасалды;

Ойын алаңы: 600 ш. м., жасанды газон, құм, әткеншек, күркелер, құмсалғыштар;

Баланың балабақшада болу құны

1 жастан 3 жасқа дейін 12500 теңге.

3 жастан 6 жасқа дейін 14500 теңге.

Баланы балабақшаға қабылдау кезінде келесі құжаттар қажет:

  1. Ата-ананың жазбаша өтініші;
  2. Баланың денсаулық паспорты;
  3. Баланың туу туралы куәлігі (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі);
  4. Ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі);